Жаңалықтар
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі Шымкент марафонға қатысты
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университет колледжінің оқытушылары мен студенттері жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін Шымкент марафонға қатысты. Шымкент марафон 2016 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан ерекше іс-шараның бірі. Қала тұрғындары мен қонақтарын бір мақсатта біріктіретін марафон командалық рухты қалыптастырып, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосады.
Салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау мақсатында өткізілген жарысқа еліміздің түкпір-түкпірі мен көрші мемлекеттерден келген спорт жанкүйері қатысып, бақ сынады.
Таңмен таласа оянып жүгіруге келген спорт әуесқойлары үшін үлкен жүгіру старты көңілді атмосферада ұйымдастырылды. Спорттық додаға қатысқан марафоншылар төрт қашықтық бойынша, яғни 5, 10, 21 және 42,2 шақырымды жүгіріп өтті.
Шара қорытындысы бойынша жүзден жүйріктер қаржылай сыйлықтарға ие болды.