«Жолдау жаңа табыстарға бастайды»

Қазақстан Республикасының  Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  "Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі"  тақырыбындағы  халыққа жолдауының аясында  2019 жылдың  3 қыркүйек күні М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде мәжіліс өтті. Жиынға  колледж директоры т.ғ.д.,  профессор Әлібек Сейдахан Нұрмаханұлы, Ақпарттық білім беру орталығының бөлім меңгерушісі   Х.К.Шамбулова, Ақпараттық білім беру  кітапханашылары  А.Р.Мусаева, Н.Канатова, колледж кітапханашысы Б.Э.Бердімуратова, колледж оқытушылары және студент жастар қатысты. Іс-шарада оқу орнының  директоры Әлібек Сейдахан Нұрмаханұлы Жолдау қоғамды толғандырған мәселелердің шешімі  екенін атап  өтті.Яғни Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономиканы дамыту мәселелеріне көңіл бөлгенін,  негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам жөнінде болғанынына тоқталды.Мемлекет басшысы  Қасым-Жомарт Тоқаев білім беру жүйесі жаңашылдыққа тез бейімделуі қажет екендігін алға тартқандықтан, директор студенттерді білім жүйесіндегі өзгерістерге белсенді ат салысып, сапалы білім алуға шақырды. Сонымен қатар, мемлекет басшысының  ұстаздардың айлығын көтеріп, "Педагог мәртебесі" туралы заң жобасында ұстаздарды қолдаудың кешенді шараларды қарастыратынын жоспарлағанын айтты. Жолдаудағы негізгі міндеттерден туындайтын тапсырмалар бойынша студенттермен бірге атқарылатын жұмыстар туралы саясаттану пәнінің оқытушысы М.Е.Мыңбаева  баяндама жасады. Баяндама барысында колледжоқытушысы   мемлекет басшысы  қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөліне,  алдағы уақытта қазақ тілінің ұлтаралық қатынас тіліне айналу қажет екендігін жолдауда нақтылап айтқанына тоқталды.   Мұндай дәрежеге жету үшін әрбір қазақстандық тіл мәселесінде жанашырлықпен жұмыла жұмыс жүргізу керектігіне тоқталып, баяндамашы студент жастарды қазақ тілін құрметтеуге шақырды.       Жолдауда мемлекеттік басқару үлгісіне ерекше тоқталған. Жолдау аясындағы «Жаңа жария менеджмент», «Желілік үкімет», «Ақпаратты үкімет», «Еститін үкімет» тұжырымдамаларының мағынасы студенттерге тарих пәнінің оқытушысы  Н.Ж. Досыбай  нақтылап өтті. Колледждің  білімгерлері  Президент Жолдауында аталған нақтылы тапсырмаларды бірге орындауға белсенділік танытатындығын жеткізіп, өз ой- пікірлерін ашық айтты.


БАЙЛАНЫС

160012, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 5

Call орталық

(8-725-2) 40-08-99

(8-725-2) 27-38-52

+7(747)-275-75-00

Канцелярия

(8-725-2) 21-01-41


canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2024 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.