Жаңалықтар
Біз салауатты өмірді қолдаймыз
2023 жылдың 12 қаңтар күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде «Біз салауатты өмірді қолдаймыз» СПИД-ке, наркоманияға қарсымыз тақырыбында білім алушыларға ЖИТС-ның қазіргі таңдағы адамзаттың басты проблемасы екенін, оның зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды әдеттен барынша аулақ болуға шақыру. ЖИТС-ның адам өміріне зиянды әсерін аша отырып, олардың сана-сезімдерін тәрбиелеу және салауатты өмір сүруге азаматтық жауапкершіліктерін орнықтыру мақсатында "QAMQOR" емханасының мамандарымен студенттер арасында кездесу өтті.