Жаңалықтар
Әлеуметтік педагог Бейсенбаева А.Б, педагог психолог Әзімбаева Айгүл білім алушылармен "Маған өмір қымбат" атты семинар тренинг өткізді.
Бүгін әлеуметтік педагог Бейсенбаева А.Б, педагог психолог Әзімбаева Айгүл білім алушылармен "Маған өмір қымбат" атты семинар тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты: өмір адам баласына бір ак рет берілетін сый екенін түсінуге ықпал ету. Жақсы қасиеттерге үйретіп, жаман қасиеттен жиренту арқылы адамгершілік сезімдерін дамыту. Студенттің өздерін жан-жақты тереңірек ашуына бағыт-бағдар беру,студент көзқарасын қалыптастыру. Тренингте түрлі жаттығулар,медитация,темперамент тесттері алынып, нәтижесінде студенттер жақсы әсер алды.