Жаңалықтар
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІК
ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІК
Бүгін М.Әуезов атындағы ОҚУ жанындағы колледж студенттерімен «New public managment» тақырыбымен кездесу өткіздік. Жиынға «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Ж.Бектаева, Шымкент қалалық мәслихат депутаты Б.Қыдырбаев қатысты.
Басқосудағы басты мақсат - студенттерге жолдаудың міндеттері мен жауапкершілігін кеңінен түсіндіру. Мемлекеттің өскелең ұрпақтың түрлі салалар бойынша өрістерін кеңейтіп, барынша заманауй білім мен ғылымды игеруіне жол ашып отырғанын жеткізу.
Жастар – ілгері дамудың негізгі қозғаушы күші, еліміздің дүниежүзілік аренада бәсекеге қабілеттілігінің басты факторы, еліміздің салтын, дәстүрін келер болашаққа жеткізуші көпір. Мемлекет басшысы Жолдауда жастарды қолдау үшін тұрғын үй бағдарламалары және арнаулы жобалар жүзеге асырылып жатқанын жеткізген болатын. Мәдениет, ғылым мен білім саласында табысқа жеткен жастарға мемлекеттік сыйлық та табысталуда. Сонымен қатар, алдағы жылы жастарға төмен пайыздық мөлшермен кәсіп жүргізгісі келетіндерге несие беріледі. Осы сұрақтар төңірегінде жастар өздерін қызықтыратын сауалдарына жауап алды.
-Білім саласының қызметкерлерінің бүгінгі таңда жауапкершілігі мен маңызы күшейіп отыр. Өйткені, сапалы білім беру елімізді индустрияландырудың және инновациялық даму жолына түсірудің басты алғышарты болып табылады.
Ел аманатын арқалай отырып, Қазақстанның болашағына бей-жай қарамайтын барша азаматтарды Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың түбегейлі реформаларын қолдауға, Әділетті Қазақстан құру идеясының төңірегіне бірігуге шақырдық.