«KAZDUAL»
Жастар саясаты және білім берудің дуалды жүйесін жаңғырту мен тұрақты дамытуға бағытталған Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасының «KAZDUAL» жобасын «М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан yниверситеті» КЕ АҚ бағдарламаның Қазақстандағы гранхолдері атанды.
Серіктес ЖОО және консорциум мүшелері:М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан yниверситеті(жобаның грантхолдері), Отто фон Герике атындағы Магдебург университеті-Отто-фон-Guericke-University Magdeburg (Германия),Таллин қолданбалы ғылымдар университеті-University of Applied Sciences (Эстония), Инстбург педагогикалық университеті-Pädagogische Hochschule Tirol (Австрия), ACQUIN-аккредиттеу, сертификаттау және сапаны қамтамасыз ету институты, CEENQA-жоғары білім берудегі сапаны қамтамасыз ету агенттіктерінің Орталық-Шығыс-Еуропалық желісі, Білім беру сапасын қамтамасыздандыру бойынша тәуелсіз агенттігі (БСҚА), ҚарМУ. Е. Бөкетов,Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Қарағанды жоғары политехникалық колледжі, Семей Электротехникалық колледжі және М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжі.
Жобаның мақсаты: «Жұмыс берушілердің қажеттіліктеріне сәйкес студенттердің құзыретін жақсартатын, түлектердің жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыратын және жеке сектормен ынтымақтастықты нығайтатын Қазақстандағы дуальды жүйені бейімдеу» болып табылады.
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан yниверситетінің колледжі де осы бағдарламаның қатысушысы ретінде танылып, дуалды білім берудің жүйесіндегі заманауи технологияларды меңгеру арқылы еңбек нарығында сұранысқа ие маман даярлауға мүмкіндік алды.
Қазақстанда дуалды білім беруді бейімдеу бойынша нормативтік-құқықтық құжаттарға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізіледі. Студенттерге ресми білім беруді жұмыс орнында алған оқумен үйлестіре отырып, инновациялық білім мен дағдыларды алуға мүмкіндіктер ашылады.
Кәсіби колледждердің бағдарламаларын жоғары оқу орындарына түсушілерге қойылатын талаптармен үйлестіру «Еразмус» бағдарламасы шеңберінде жүзеге асады.
Қазіргі таңда Консорциум мүшелерімен және серіктес ЖОО алдағы тұрған міндеттер жөнінде бірнеше басқосулар өтті.