«Флористика құзыреттілігі бойынша тапсырмаларды орындаудағы негізгі басымдықтарға шолу»
Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында Ауыл шаруашылығы саласын бойынша «Агрономия» құзыреттілік орталығының 2020-2021 оқу жылына арналған жұмыс жоспарына сәйкес «Флористикақұзыреттілігі бойынша тапсырмаларды орындаудағы негізгі басымдықтарға шолу»тақырыбындағы шебер-сынып болып өтті. Шеберлік сыныпқа ҚО енген ТжКБ ұйымдарының оқытушылары мен білім алушылары қатысты.
Магистр, арнайы пән оқытушысы Г.К.Халмуратова шеберлік сыныпта «Флористика» құзыреттілігінің техникалық сипаттамасымен, тапсырмалар модульдерімен таныстырып, «Букет пен композиция жасау технологиясы» тақырыбында баяндама-презентациясын қорғады.
Шеберлік сыныпта – негізгі композицияны жасау технологиясы, композицияны жасау үшін қолданылатын сәндік гүл өсімдіктерінің ассортименті, флористикалық және флористикалық емес материалдарды дайындау технологиясы, композицияның күрделілігін және безендіру орнын ескере отырып, гүлдер түрлерінің аранжировкасын, оларды орналастыруды көрсету және орындалған жұмысты талдау бойынша жетекшілер мен қатысушыларға тапсырмалар айқын көрсетілді.
Шеберлік сынып соңында «Көктем» тақырыбындағы шығармашылық композициясын жасап, көрсетті.