«Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» тақырыбындағы апталық
Техникалық пәндер бойынша пәндік-әдістемелік бірлестігінің 15.04-19.04.2019ж. аралығында «Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» тақырыбында апталығы болып өтті.
Апталықтың мақсаты: білімді меңгеріп қана қоймай, білік пен дағды арқылы дербестік, ізденімпаздық, дені сау, өзгермелі жағдайда білімді де білікті жасөспірімдерді жан- жақты жеке тұлға ретінде даярлау болатын
15.04.2019ж «Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» апталығының ашылуы «Мамандығым - мақтанышым» атты тақырыбындағы білімгерлердің шығармашылық көрмесінен басталды. Көрмеге техникалық мамандықтардың білімгерлері мен оқытушыларының қолмен жасаған бұйымдары, техникалық мамандықтарға байланысты пәндердің кітаптары, арнайы киімдері, әдістемелік құралдары көрсетіліп, білімгерлерге таныстырылды. Апталықты «Құрылыс және машина жасау технологиясы» мен «Мұнай және жеңіл өнеркәсіп технологиясы» пәндік-әдістемелік бірлестігінің бөлім меңгерушісі Р.А Абишев., колледж оқу ісі жөніндегі орынбасары Е.Д Тәліп ашты. Өтілетін апталықтың бағдарламасымен пәндік әдістемелік бірлестігінің төрайымдары Р.Н Алменова мен А.К Ходжанова таныстырып өтті.
15.04.2019ж сағат 13:40 Р.Н Утеева жоспарға сәйкес ТМн-17-5к тобымен «Физикалық химияның тоттануы және металдарды қорғаудың негіздері» пәнінен «Дисперсиялық фаза және дисперциялық орта. Дисперциялық жүйелердің жіктелуі. Микрогетерогендік жүйелер» атты тақырыбындағы ашық сабағын өтті. Ашық сабақ барысында, бір немесе бірнеше заттардың ұсақ бөлшектерінің екінші бір заттың ұсақ бөлшектерінің арасында таралуын дисперстік жүйенің түзілуі, соған сәйкес екі немесе одан да көп заттардан тұратын жүйені түсіндіріп, білімгерлерді үш топқа бөлу арқылы, тәжірибе түрінде жүргізді.
16.04.2019ж «тігін өндірісінің технологиясы» пәнінің оқытушысы М.Н Нурғалиева ТК-18-9к тобына «Жан тігісінде орналасқан сыдырма-түймелікпен өңдеу» атты тақырыбындағы ашық сабағы тәжірибелік тапсырмаларды орындауға негізделген, білімгерлердің өз бетінше жұмыс жасау арқылы конференция сабағы ретінде өрбітті. 16.04.2019ж сағат 12:00 «Құрылыс материалдары мен құрастырылымдар өндірісі технологиясы» мамандығының оқытушылары А.С Асанова «Жас құрылысшылар» старт жобалық байқауын өткізіп, сайыскерлер әрқайсысы тапсырмаларын қорғап шықты.
16.04.2019ж сағат 15:00 «Құрылыс материалдары мен құрастырылымдар өндірісі технологиясы» мамандығының оқытушылары Кудабаев Р.К, Жусупбеков А.Р және Кадирбеков М.А «Мамандығым – мақтанышым» атты тақырыбындағы тренинг өткізді. Тренингке М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің білікті мамандары «Құрылыс материалдары мен құрастырылымдар өндірісі» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к, доцент, ҚҰҒА- академигі Б.Т Көпжасаров және т.ғ.к Р.А Рысдаулетов қонақ ретінде шақыртылып, қазіргі кезеңде осы мамандықтың қажетті екендігін, қаламыздың үшінші мегаполиске айналуына байланысты, білімді және білікті маман болып шығуға және қаламыздың көркеюіне өз үлестерін қосуға шақырды.
17.04.2019ж сағат 12:00 Т.А Тұрғанбай жоспарлаған ашық сабағын «Тігін бұйымдарына арналған материалдар» пәнінен «Синтетикалық жіптерден тоқылған маталар» тақырыбында ТК-18-9к тобына ашық сабақ өтілді.
17.04.2019ж сағат 16:00 «Дені саудың - жаны сау» колледж оқытушыларының арасында спорттық ойындар жарысы М.Әуезов атындағы ОҚМУ «Буравестник» спорт кешенінде өткізілді. «Асқан байлық не керек, денсаулығың болмаса» - дей отырып,бұл күні спорт кешенінде тартысты спорт бәсекелері қызу жалғасты. Негізі аталған спартакиада колледжіміздің оқытушылары мен қызметкерлер құрамалары арасында өрбіді. Айталық, 30-дан аса оқытушылар мен қызметкерлер спорттың: волейбол, қол күрестіру, гир тасын көтеру және жеңіл атлетика түрлерінен күштерін сын алаңдарына шығып, шеберліктерін көрсетті.
18.04.2019ж сағат 10:10 Пиртаева М.А «Пішін қалыптастыру» пәнінен «Бұрғылап кеңейту станоктары» тақырыбында жоспарланған ашық сабағын өткізді.
Техникалық пәндер бойынша пәндік-әдістемелік бірлестігінің 15.04-19.04.2019ж. аралығында өткізілген «Кәсіптік және техникалық білім беру-жастардың болашағына жол ашу» тақырыбындағы апталығын қорытындыланып, апталық барысында қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқан оқытушылар марапатталды.