«Тіл және 100 жаңа оқулық»
2018жылдың қыркүйек айының 25 жұлдызында М.Әуезов атындағы ОҚМУ колледжінде «Тіл және 100 оқулық» атты үлкен іс-шара өткізілді. Кешті колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары М.Ж.Орынғарбайұлы сөз алып, Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» аясындағы «Тіл және 100 жаңа оқулық» алғашқы аударылған 18 оқулық жайында тереңінен сөз қозғап, іс-шараны ашып берді.
Мерекелік іс-шара барысында МЖн-17-6к тобының білім алушысы Момбай Диас домбырамен «Түркмен күйі» күйін тарту етті. ТТн-18-7к тобының білім алушысы Рашидова Аружан және Тәжібай Мейрамкулдің орындауында «Қазағымсың» әні шырқалды. ҚРн-17-8к тобының білім алушылары Туралы Назым мен Турсумбаева Динараның орындауында «Күй шашу» биі ұсынылды. ҒСн-18-10к тобының білім алушысы Калачёва Ангелина А.Құнанбаевтың «Көзімнің қарасы» әнін көпшілікке нақышына келтіріп тарту етті. Мерекелік жиынның соңында ОҚМУ колледжінің кітапхана қызметін атқарушы: Бердимуратова Б.Э. 1 курс студенттерін құттықтап, кітапханаға келген 17 жаңа оқулықты, кітапханада оқырмандарға көрсетілетін барлық мүмкіндіктерді толығымен таныстырып өтті.
Орыс тілі және әдебиеті пәні оқытушылары Альзакова Р.К., Автюхова С.Н., және колледж кітапхана қызметін атқарушы Бердимуратова Б.Э. ұйымдастырған бұл кеште ТМн -17-5К, ТТн 17- 7к, АЖн 18-14к, ҚРн 17-8к, ҒСн-18-10к, МЖн-17-6к топтары белсене қатысты.