13 желтоқсан күні, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты желтоқсан көтерілісіне арналған іс-шара өтті.
2021 жылдың 13 желтоқсан күні, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұйымдастыруымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына байланысты, желтоқсан көтерілісінің құрбаны Қайрат Рысқұлбековтың көшесінің бойында орналасқан Қайрат Рысқұлбековтың ескерткіш тақтайшасының жанында, желтоқсан көтерілісіне арналған іс-шара өтті.
Іс-шара барысында студенттер мен оқытушылар Желтоқсан құрбандарын 1 минут үнсіздікпен еске алды. Сондай-ақ, колледжіміздің директоры С.Н. Әлібек мырза, Желтоқсан оқиғасынан бері 35 жылдан аса уақыт өткенін, зымыраған уақыт бізді алыстатып бара жатса да ол күндер жадымызда мәңгілік сақталатынын, ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының ерлігіне, рухына деген тағзым, құрмет көрсетілетінін айтып өтті. Және де, желтоқсан көтерілісіне қатысқан Кулбаева Райхан, Мырзахметов Әділхан, Желтоқсан көтерілісі десе, алдымен Қайрат Рысқұлбековтің есімі аталатынын, қасіретті Желтоқсан мен Қайратты бөліп-жаруға болмайтынын, себебі Қайрат Желтоқсан көтерілісінің алтын діңгегі екенін, Қайрат Рысқұлбеков көтеріліске қатысқан жастардың жиынтық бейнесі екенін атап өтті. Іс-шара, Отанды сүюге, құрметтеуге, желтоқсандық қаһармандарға әрдайым құрмет көрсетуге, ел мен жердің қадір-қасиетін ұғынуға үндеген мәнді де мағыналы болып өтті.
13 декабря 2021 года, в связи с 30 ти летием Независимости Казахстана, у мемориальной доски Кайрата Рыскулбекова, расположенный на улице им. Кайрата Рыскулбекова, жертвы декабрьского восстания, прошло мероприятие, организованное колледжем ЮКУ им. М.Ауэзова. В ходе мероприятия студенты и преподаватели почтили память погибших в декабре, минутой молчания. Так же, директор нашего колледжа Алибек С.Н. отметил, что с декабрьских событий прошло более 35 лет, и хотя время быстротечно отдаляет нас, мы всегда будем помнить те дни, мы отдадим дань героизму и духу Казахстанских девушек и юношей, который потряс мир. Гости нашего мероприятия, принявшие участие в Декабрьском восстании Райхан Кульбаева и Адильхан Мырзахметов заявили, что восстание носит имя Кайрата Рыскулбекова.
On December 13, 2021, in connection with the 30th anniversary of Independence of Kazakhstan, at the memorial plaque of Kairat Ryskulbekov, located on named after street Kairat Ryskulbekov, victims of the December uprising, hosted an event organized by the college SKU named after M.Auezov. During the event, students and teachers honored the memory of those killed in December with a minute of silence. Also, the director of our college Alibek S.N. He noted that more than 35 years have passed since the December events, and although time is rapidly moving us away, we will always remember those days, we will pay tribute to the heroism and spirit of Kazakhstani girls and boys who shocked the world. The guests of our event, who took part in the December uprising, Raykhan Kulbayeva and Adilhan Myrzakhmetov, said that the uprising bears the name of Kairat Ryskulbekov.