Қазақстандағы Гете Институтының тілдер бөлімінің басшысы Дэвид Хэртлдің М.Әуезов атындағы ОҚУ-ға іс-сапары
2020 жылы қазан айының 22-шы жұлдызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне Қазақстандағы Гете Институтының тілдер бөлімі басшысы Давид Хэртльдің басшылығымен Кітапхана/ Информация бөлімінің басшысы Шолпан Естайқызы Қызайбаева келді. Іс-сапарбарысында, делегация М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ысқақова Айгүл Төлеутайқызымен кездесті. Кездесу барысында тараптар ОҚУ мен Германияның жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мен дамыту бойынша ұсыныстармен алмасты.
Кездесу барысында тараптар студентер мен неміс тілі оқытушыларын даярлау аясындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, неміс тілі оқытушыларын М.Әуезов атындағы ОҚУ оқытушылары мен студенттеріне арналған семинарлар мен тренингтер өткізуге тарту, неміс тілі курстарымен емтихандарын өткізу мақсатында Гете Институтының қарамағында тілдік сыныптар ашу және де М. Әуезов атындағы ОҚУ –ның Германиядағы серіктес университеттермен білім және ғылым саласындағы ынтымақтастықты орнату мәселелері талқыланды.
Қазақстандағы Гете институның Кітапхана / Информация бөлімінің басшысы өз кезегінде, Гете институындағы Ақпараттық Кітапхананың жұмысы жайлы айтып өтті. Атап айтқанда, кітапхананың басты қызметі-Германияның мәдени, қоғамдық және саяси өмірі туралы тиісті ақпараттар беру, сондай-ақ неміс тілін оқуға және оқытуға арналған кітапхананың анықтамалық мерзімді басылымдар қорының көмегімен тиісті материалдар мен зерттеуге арналған интерактивті әзірлемелермен қамтамасыз ету болып табылады.