«Болашаққа хат» – ұрпақтар сабақтастығының символы!

«Болашаққа хат» – ұрпақтар сабақтастығының символы!

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде ерекше мәдени-тарихи жоба – «Болашаққа хат» өтті.

Бұл жоба – өткенді құрметтеп, бүгінді бағалап, болашаққа сеніммен қараудың жарқын үлгісі. 

Жоба аясында студенттер, оқытушылар мен колледж қызметкерлері өздерінің алдағы 5 жылға арналған арман-мақсаттары мен ізгі тілектерін хат арқылы жеткізді. ?

Әр хатта – арман, әр сөзде – үміт, әр тілекке – болашаққа деген сенім тоғысқан.

Бес жылдан кейін бұл хаттар қайта ашылып, бүгінгі армандардың қаншалықты орындалғаны сараланбақ. 

«Болашаққа хат» – бүгінгі ұрпақтың ертеңгі өзіне қалдырған аманаты!

#Болашаққахат #БіздіңТжКБ #НашеТипо #МұхтарӘуезовАтындағыОҚУ #Колледж ҰрпақтарСабақтастығы ТжКБ

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Call центр

8 (725-2) 40 08 99

8 (725-2) 27 38 52

+7 (747) 275 75 00

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.