«Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны

«Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны 

2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру қызметкерлері күніне орай колледжімізде «Студенттер vs Педагогтер» шығармашылық-спорттық марафоны ұйымдастырылды.

Мерекелік шараның басты мақсаты – колледж ұжымындағы бірлікті нығайту, өзара қарым-қатынасты арттыру және студенттер мен педагогтер арасындағы достық байланысты қалыптастыру.

Марафон барысында қатысушылар спорттық сайыстарда шапшаңдық пен ептілігін сынап, шығармашылық кезеңдерде өздерінің тапқырлығы мен өнерін көрсетті. 

Көңілді жарыс, көтеріңкі көңіл-күй, командалық рух – барлығы да мерекелік шараның ерекше атмосферасын қалыптастырды! 

Осындай іс-шаралар ұстаз бен студент арасындағы өзара түсіністік пен сыйластықты арттырып, колледж өмірін жаңа әсерлермен толықтыра түседі. 

#СтуденттерVsПедагогтер #БіздіңТжКБ #НашеТипо #ТжКБ #КолледжӨмірі ҰстаздарКүні Бірлік КомандалықРух

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Call центр

8 (725-2) 40 08 99

8 (725-2) 27 38 52

+7 (747) 275 75 00

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.