Студенттер тігін зертханасымен танысты
Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің «Тігін өндірісі және киімдерді модельдеу» мамандығында білім алатын студенттері «Тоқыма материалдарының технологиясы және жобалануы» кафедрасының зертханасына арнайы танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында студенттер зертхананың материалдық-техникалық базасымен, заманауи тігін жабдықтарымен және киімді жобалау мен модельдеу үдерістерімен танысып, мамандықтарына қатысты тәжірибелік мағлұматтар алды.
Русский
Қазақша
English 