Новости
Өндірістік практика
М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 1502000-«Агрономия» мамандығының студенттері «Топырақтану және агрохимия» мамандығының оқытушысы Үсембекова Г.А ҚР АШМ АӨК МИК «Республикалық өсімдіктер карантині орталығы» ОҚО карантиндік зертханасында болып қайтты.
Бұл карантиндік зертханада мамандар карантиндік зиянкестерге, ауруларға талдама жасайды. Зертханалық жабдықтар мен химиялық талдауларды жүргізуге зертханалық ыдыс түрлерімен, жалпы өлшеуіш аспаптармен, зертханалық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қалай жүргізетіндерін үйренді. Сонымен қатар ауыл шаруашылық дақылдарының карантиндік аурулары мен зиянкестерімен танысты. Соның ішінде бидайдың үнді қара күйесі; жеміс ағаштарының бактериялы күйігімен; астық және басқа да ауыл шаруашылық өнімдері қорының зиянкестерімен (капр қоңызы, қытай дән қоңызы, күріштің бізтұмсықтысы, төртдақты дән қоңызы) танысып қайтты.