«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!

«Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныбы өтті!

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің IT мамандығы студенттері «Шеберлік құпиялары» шеберлік-сыныптары аясында Шымкент қаласындағы Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға IT саласының мүмкіндіктерін таныстыру, олардың цифрлық дағдыларын дамыту және болашақ мамандығын таңдауда кәсіби бағдар беру.

Кездесу барысында студенттер өз білімдері мен тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға «Tilda платформасында бір сағат ішінде қарапайым сайт жасау» тақырыбында шеберлік-сынып өткізді.

 Практикалық сабақ барысында оқушылар Tilda платформасының мүмкіндіктерімен танысып, сайт құрылымын жасауды, дизайн элементтерін орналастыруды және қарапайым веб-сайт құрастыруды тәжірибе жүзінде үйренді.

Осындай шеберлік-сыныптар оқушылардың IT мамандығына деген қызығушылығын арттырып, болашақ кәсіби бағытын саналы түрде таңдауға және заманауи цифрлық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді.

#ШеберлікҚұпиялары #ШеберлікСыныбы #КәсібиБағдар #IT #Tilda ITмамандығы ЦифрлықБілім ВебДизайн Оқушылар Колледж Шымкент

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Call центр

8 (725-2) 40 08 99

8 (725-2) 27 38 52

+7 (747) 275 75 00

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.