Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!

Ұстазға құрмет – ұрпаққа өнеге!
Бүгін Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 2 қазан – Қазақстан Республикасының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және Ұстаздар күні аталып өтті.

Мерекелік іс-шара барысында колледж директоры Шардарбеков Дархан Өтелбайұлы ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім беру саласындағы еңбегімен ерекшеленген бірқатар оқытушыларды марапаттап, жылы лебізін білдірді.

Мерекелік шара әрі қарай Өзін-өзі басқару ұйымының концерттік бағдарламамен жалғасты. Студенттер ұстаздарға арнап ән айтып, би билеп, өз өнерлерін көрсетті.
Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті ұстаздар!

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Call центр

8 (725-2) 40 08 99

8 (725-2) 27 38 52

+7 (747) 275 75 00

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.