Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттерінің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді

Мұхтар Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттерінің ата-аналарына арналған жиналыс өткізілді.

Жиналыстың негізгі мақсаты – студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оқу орнының ішкі тәртіп ережелерін сақтау және ата-аналармен өзара байланысты нығайту.

Жиналыс барысында студенттердің белгіленген колледж формасын сақтауы, қоғамдық орындардағы өзін-өзі ұстауы, қала ішінде қауіпсіздік шараларын сақтауы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, студенттердің түнгі уақытта, атап айтқанда сағат 23:00-ден кейін себепсіз көшеде жүрмеуі, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауы туралы ата-аналарға ескертілді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдарымен байланысты мәселелерге жол бермеу, заң талаптарын сақтау, күмәнді және құқық бұзушылыққа әкелуі мүмкін жағдайлардан аулақ болу қажеттігі айтылды.

Жиналыс барысында ата-аналарға студенттердің тәрбиесі мен қауіпсіздігіне бірлесіп жауапкершілікпен қарау, балаларының бос уақытын бақылау және колледжбен тұрақты байланыста болу ұсынылды.

Контакты

160012, город Шымкент,
проспект Тауке хана, 5

Call центр

8 (725-2) 40 08 99

8 (725-2) 27 38 52

+7 (747) 275 75 00

Канцелярия

8 (725-2) 21-01-41

canselyarya@mail.ru

info@ukgu.kz
© 2026 М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Please publish modules in offcanvas position.