Жаңалықтар

Қазақ

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Рухани жанғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғырту-ұлт болашағы және ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында ҒСн-21-1к тобының білім алушыларымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

2021 жылдың 10 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Рухани жанғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Ел басының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған «Рухани жаңғырту-ұлт болашағы және ұлы даланың жеті қыры» тақырыбында ҒСн-21-1к тобының білім алушыларымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

 

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Парасат жолы» жобасы аясында, Сидней Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қабыланбекұлының студенттермен кездесуі өтті.

2021 жылдың 9 қараша күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Парасат жолы» жобасы аясында, Сидней Олимпиада ойындарының және әуесқой бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Мұхтархан Ділдәбеков Қабыланбекұлының студенттермен кездесуі өтті.
Мұхтархан Ділдәбеков Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» орденінің иегері, Түркістан облысының құрметті азаматы.
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған атақты боксшының үлкен спортқа дейін додабұзар көкпаршы болғанын екінің бірі біле бермейді. Бұл туралы және де өзінің өмірбаяны, спорттағы жетістіктері туралы кездесу барысында Мұхтархан Ділдәбеков айтып өтті және студенттердің сұрақ қоюуымен жалғасты. Мұхтархан Ділдәбеков М.Әуезов атындағы ОҚУ студенттерін қазақ ұлтының мерейін өсіретін азамат болуға шақырды.
Қазіргі таңда Мұхтархан Ділдәбеков Республикалық көкпар федерациясының Президенті. Кездесуді Жастар орталығы ұйымдастырды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы университет белсенді студенттерімен кездесу өткізді.

«М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ректоры Қожамжарова Дария Пернешқызы университет белсенді студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Дария Пернешқызы белсенді студент жастарды университеттің алдағы уақыттағы даму жоспарымен таныстырып,бәсекеге кәбілетті маман болуы үшін әрдайым ізденісте болу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, Студенттік Парламент, Ақиқат, Қазақстан студенттер альянсы, Достық, Жас Отан ұйымдарының көшбасшылары өз жұмыстарын таныстырып, университет ректорына ұсыныстарын айтты. Кездесу барысында белсенді студенттер көкейде жүрген сұрақтарына тікелей жауаптарын алып, өз алғыстарын жеткізді.

 
 
 

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушылары Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің 20 жылдық мерейтойына қатысты.

2021 жылдың 2 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушылары Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің 20 жылдық мерейтойы қатысты. Бұл күні келуші қонақтарға экспозиция залдары бойынша үш тілде экскурсия жүргізіліп, деректі фильмдер көрсетілді. Сонымен қатар, келуші қонақтарға арнайы кофе-брейк ұйымдастырылды.
Шымкент қалалық саяси қуғын-сүргін құрбандары музейінің ұжымы осынау айтулы күнде бізбен бірге болғандарыңызға үлкен алғыс білдіре отырып, шаңырақтарыңызға шаттық пен береке тілейді! Бұл іс шараға ЕАн-21-1к, ББн-21-1к, АЖн-20-1к, ҒСн-21-1к топтарының білім алушылары қатысты.

28 қыркүйек - 2 қараша аралығында университет кітапханасы және мұражаймен 1 курс студенттерін таныстыру жұмыстары кесте бойынша жүргізілді.

2021 жылдың 28 қыркүйек - 2 қараша аралығында университет кітапханасы және мұражаймен 1 курс студенттерін таныстыру жұмыстары кесте бойынша жүргізілді.
 

«Білім беру мен өндірістің интеграциясы мамандарды дайындау сапасын арттыру кепілі» атты М.Әуезов ат.ОҚУ-дың аймақты бизнес ортасындағы серіктестіктермен кездесуі

27.10.2021 жылы «Білім беру мен өндірістің интеграциясы мамандарды дайындау сапасын арттыру кепілі» атты М.Әуезов ат.ОҚУ-дың аймақты бизнеc
«Білім беру мен өндірістің интеграциясы мамандарды дайындау сапасын арттыру кепілі» атты М.Әуезов ат.ОҚУ-дың аймақты бизнес ортасындағы серіктестіктермен кездесуі өтті Ынтымақтастық форматын нығайту, жаңа байланыс нүктелерін табу, құрылыс саласына заманауи сын-қатерлердің талаптарына жауап беретін мамандарды даярлауға жаңа серпін беретін міндеттерді тұжырымдау. Бұл кездесу университет пен экономика өкілдері арасындағы пікірталас пен дисскуссия үшін тамаша алаң болмақ.
Мамандарды бірлесіп дайындау туралы сұрақтарды талқылау
1. Дуалды білім беру
2. Өндірісте кафедра филиалдарын ашу, білім алушылардың кәсіби практикадан өтуі және түлектердің жұмысқа орналасуы
3. Шымкент қ. және ТО нарығына қажетті мамандықтарды дайындау мақсатында кездесу сәтті өтті.
Askhat Aimagambetov
Shyńǵys Muqan

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде, 2021 жылы жарық көрген 100 жаңа оқулықты оқу жүйесіне енгізу тақырыбында, колледждің арнайы пән және Рухани жаңғыру жетекшісі Досыбай Н.Ж. жетекшілігімен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

27.10.2021ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде, 2021 жылы жарық көрген 100 жаңа оқулықты оқу жүйесіне енгізу тақырыбында, колледждің арнайы пән және Рухани жаңғыру жетекшісі Досыбай Н.Ж. жетекшілігімен дөңгелек стол ұйымдастырылды. Дөңгелек столға АЖ-20-1к, ЕТН-21-1к тобының білім алушылары қатысып, 100 жаңа оқулықпен танысты. Білім алушыларға Рухани жанғыру аясында шығарылып жатқан 100 жаңа оқулықты кеңінен талқылап, өздерінің ойларымен бөлісті.

Сандыбаева Сандуғаш Абдрахмановна және Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Абишев Рахымжан Анапияұлы ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен марапатталды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Ақпараттық технологиялар бөлімше меңгерушісі Сандыбаева Сандуғаш Абдрахмановна ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІ А.Аймағамбетовтың алғыс хатымен және Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының м.а. Абишев Рахымжан Анапияұлы ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АДАМИ ӘЛЕУМЕТТІ ДАМЫТУ БАСҚАРМА БАСШЫСЫ Р. Жолаевтың алғыс хатымен марапатталды.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жобасын іске асыру мақсатында өткізілген М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінен клуб мүшелері қатысып сертификатпен марапатталды

2021 жылдың 26 қазан күні Түркістан Облысы, Түркістан қаласында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің "Sanaly Urpaq" жобасын іске асыру мақсатында өткізілген "Sanaly Urpaq" ерікті студенттердің облыстық слетіне М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінен "Sanaly Urpaq" ерікті клуб мүшелері қатысып сертификатпен марапатталды.

Спорт саласында біздің жетістіктер.

2021 жылдың 18-24 қазан аралығында Ресей Федерациясы Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем Чемпионатында 52кг салмақ дәрежесінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 01140500-«Дене тәриесі және спорт» мамандығының ДТн-21-1к тобының 1-курс білім алушысы Ергентай Аяжан Ерзатқызы Әлем Чемпионы және барлық салмақ арасында жылдың үздік жауынгері атағын иеленді. 

Беттер