Жаңалықтар

Қазақ

Спорт саласында біздің жетістіктер.

2021 жылдың 18-24 қазан аралығында Ресей Федерациясы Анапа қаласында әмбебап жекпе-жектен Әлем Чемпионатында 52кг салмақ дәрежесінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 01140500-«Дене тәриесі және спорт» мамандығының ДТн-21-1к тобының 1-курс білім алушысы Ергентай Аяжан Ерзатқызы Әлем Чемпионы және барлық салмақ арасында жылдың үздік жауынгері атағын иеленді. 

Ректор кубогі ушін факультетаралық «Жайдарман» ойыны өткізілді.

21.10.21ж Ректор кубогі ушін факультетаралық «Жайдарман» ойыны өткізілді. Сайысқа 9 факультет және университет колледжі атынан жалпы саны 10 команда бақ сынады. Қазылар шешімі бойынша жеңімпаз болып Ақпараттық технологиялар және энергетика Жоғарғы мектебінің «ИП Life» командасы ректор кубогіне ие болды.
ІІ орын иегері Мәдениет және спорт факультетінің «Театрал» командасы
ІІІ орын иегері Филология факультетінің «Филологтар» командасы
Сайыстың «Үздік ойыншысы» номинациясына Мәдениет және спорт факультетінің «МС қалашығы» командасының жайдарманшысы Арман Серікбай ие болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта қалалық, республикалық ойын жеңімпазы болуына тілектеспіз.
 

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі Ел басының "Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру" аясында тәрбиелік дөңгелек стол ұйымдастырылды.

21.10.2021ж​ М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі Ел басының "Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру" аясында, ұйымдастырылған "ҚАЗАҚТЫҢ БЕКЗАТ ПЕРЗЕНТІ Өзбекәлі Жәнібековтің туылғанына 90 жыл" атты тәрбиелік дөңгелек стол ұйымдастырылды. Дөңгелек столға ББн-21-1к тобының 13 білім алушысы қатысып, өз ойларын ортаға салды. Бұл дөңгелек столдың басты мақсаты "Түркістан, ондағы Әзірет Сұлтан кесенесі қазақ тарихында ойып алар орны бар екендігі айтылды". Өзбекәлі Жәнібековтің жеке өмір баяны айтылып, жасаған игілікті істерін одан әрі жандырып, колледж білім алушылырына дәріптеп, теренірек түсіндірілді. Рухани жаңғыру жетекші Досыбай Нұрлыбек.
 

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің білім алушыларына Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істерді алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті.

20.10.2021ж​ М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 1-курс және 2-курс білім алушыларына Шымкент ҚПД Абай АПБ ЖПҚБ ЮПБ УПИ инспекторы полиция аға лейтенанты Абилов Сұңғат Мақсатұлы және полиция лейтенанты Ширинбеков Құдайбергенмен жасөспірімдер арасындағы қылмыстық істерді алдын алу мақсатында түсіндіру жұмыстары өтті.

Ткн-18-9к топ студенттері 11.10.2021ж бастап “Өндірістік іс-тәжірибеге” шықты

Ткн-18-9к топ студенттері 11.10.2021ж бастап “Өндірістік іс-тәжірибеге” шықты.Тәжірибені ЖШС"Бибі-Мариям"
ателье, ЖШС"Оңтүстік былғары" ТОО"Гаухар" фабрикасында-Қысқы күртеше тігуде, "Қыздар академиясы"- Мұғалімдерге арналған форма тігу тәжірибесі өтіп жатыр. Іс-тәжірибе жетекшісі
Ә. Б. Жамбылбай
 

АГн-18-11к топ студенттері 04.10.2021ж бастап “Өндірістік іс-тәжірибеге” шықты.Тәжірибені М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінде өтіп жатыр. Іс-тәжірибе жетекшісі Халмуратова Г.К

АГн-18-11к топ студенттері 04.10.2021ж бастап “Өндірістік іс-тәжірибеге” шықты.Тәжірибені М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің Ауыл шаруашылығы ғылымдары жоғары мектебінде өтіп жатыр. Іс-тәжірибе жетекшісі Халмуратова Г.К

Колледж және универ устаздар мерекесімен колледж белсенді білім алушылардың құттықтауы

2021 жылы 6 қазанда М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің белсенді студенттерінің ұйымдастыруымен Ұстаздар мерекесіне орай Қазақстан Республикасының эстрада жұлдыздарымен әзілкеш жайдарманшыларының құттықтауы.

Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс шара

Қазақстан Республикасының 30 жылдығына орай ұйымдастырылған 2021жылдың 13 қазан күні өткен М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ЕТн-21-1к және ДТн-21-1к тобының білім алушыларымен бірігіп, Рухани жаңғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Ел басының рухани жаңғыру аясында "Ұлы қасиеттеріміздің бойымызда, - ойымызда, жерімізде сақтау" тақырыбында дөңгелек стол ұйымдастырды. Ұйымдастырылған дөңгелек стол барысында, Қазақстан жерінде өмір сүріп отырған ұлттардың өз ата-бабасының ұлт құндылықтары жөнінде қызықты викториналық және бейне сұрақтар қойылып, білім алушылардың ой-пікірлері тыңдалып, талқыланды.

1 курс студенттеріне колледж әкімшілігі жатақханадағы күнделікті кезекшілік болатынын, ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 1 курс студенттеріне колледж әкімшілігі жатақханадағы күнделікті кезекшілік болатынын, ішкі тәртіп ережелерімен таныстырды.

Дін және жастар тақырыбында 1-ші курс білім алушыларымен кездесу

Бүгін 1 курс студенттерімен Абдулхамит каттани мешітінің Найб имамы Досумбаев Ержігіт Мамытұлымен Дін және жастар тақырыбында кездесу өтті.

Беттер