Жаңалықтар

Қазақ

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі "Тәуелсіздіктің 30-жылдығына", 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай концерт ұйымдастырылып, "Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан" атты шығармашылық көрме болып өтті.

2021 жылдың 29 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі "Тәуелсіздіктің 30-жылдығына", 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай концерт ұйымдастырылып, "Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан" атты шығармашылық көрме болып өтті. Шығармашылық көрмеге 0402000-"Дизайн" мамандығы және 1214000-"Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары технологиясы" мамандығында оқитын студентер белсене қатысып, колледж белсенді жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Zoom платформасы Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" саласы бойынша "Сән технологиясы құзіреттілік орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес "Шебердің қолы ортақ" тақырыбында семинар болып өтті.

2021 жылдың 26 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде Online режимінде, zoom платформасы арқылы Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" саласы бойынша "Сән технологиясы құзіреттілік орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес "Шебердің қолы ортақ" тақырыбында семинар болып өтті. Семинар бағдарламасы бойынша арнайы пән оқытушылары А.Б.Ахметова, А.О.Сабденова, М.Н.Нурғалиева өздерінің шеберлік сыныптарын өткізді. Алғаш болып шебер сыныбын өткізген А.Б.Ахметова "Сәнді бұйымдарды оңай жолмен дайындау әдістері" тақырыбындағы шеберлік сыныбы барысында киімдердің лекалосыз оңай жолмен пішіліп тігілуінің тиімді әдістерін іс-тәжібибеде ұтымды көрсете білді. Екінші болып шеберлік сыныбын жалғастырған А.О. Сабденова хроматикалық түстерді пайдалана отырып, сурет салудың түрлі техникаларын қолдану арқылы: губканы, жапырақтарды, бояуларды көпіршіту арқылы қызықты абстактілі композициялар орындау әдістерін көрсетті. Ары қарай семинарды "Қазақша бренд қалыптастыру" тақырыбындағы шебер сыныбымен жалғастырған М.Н.Нурғалиева қазіргі заман талабына сай кең балақты шалбардың оймакілтегіне қазақи нақышта ою-өрнек орналастыру әдістерін көрсетті.
Семинар құзіреттілік мамандары тарапынан өте жоғары бағаланып, куратор Ж.Ж.Дүйсебаева оқытушылардың үлкен дайындықпен және жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

2021 жылдың 26 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, осы дертпен күрестің тиімді тетігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын енгізу қажеттігі жөнінде сөз қозғады.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында дөңгелек стол ұйымдастырылды.

2021 жылдың 24 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Рухани жанғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Ел басының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, Қазақстанның қасиетті жерлері: Түркістан, Сайрам жерлеріне туризмді дамыту тақырыбында ББн-21-1к тобымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

 

М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыс тобының құрамында қала Әкімі М.Әйтеновке 2021 жылы жасалған зерттеу жұмыстары бойынша есеп берді.

24.11.2021ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыс тобының құрамында қала Әкімі М.Әйтеновке 2021 жылы жасалған зерттеу жұмыстары бойынша есеп берді.
Шымкент қаласы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Рухани жаңғыру және ҚХА" орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнәр Әмірбайқызы Жанысбекова өз есебінде жұмыс тобының ұйымдастырылуы, басшылыққа алынатын құжаттар, зерттеушілер құрамы және олардың ғылыми потенциалы, ғылыми зерттеу жұмысының архивтік және экспедициялық түрлерінің жүргізілу барысы, жұмыс тобының Республикалық Мемлекеттік комиссиясының Сабыр Ахметжанұлы Рахымов басқаратын Жобалық Кеңсесі өткізген 9 бағыттық кустовой семинарларында жасаған баяндамалары туралы толық айтып өтті.
Есепті М.Әйтенов және Шымкент қаласы Мемлекеттік комиссиясы аса қанағаттанғандықпен жоғары баға берді. Келесі 2022 ж. жүргізілетін зерттеу жұмысы осы деңгейден де жоғары болуы керек екендігі айтылып өтіп, арнайы медиа-жоспар жасау, жинақтардың мемлекеттік комиссияның логотипін пайдалана отырып жасауы керек екендігі туралы Мемкомиссияның тапсырмалары ерекше ескертілді.
Есептік жиналысқа ардагер-ақын, Саяси қуғын-сүргін музейінің директоры қызметін сан жылдар бойында атқарған Ханбибі Есенқараева, М.Әуезов атындағы ОҚУ Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сәкен Аралбайұлы Мәжінбеков, қалалық НұрОтан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева және басқа да комиссия мүшелері, сондай-ақ жұмыс тобының бағыт жетекшілері тарих ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ доценті Айтай Бахадыр, саяси қуғын-сүргін музейі директорының орынбасары Серікбаева Гүлмира Алдоңғарқызы, ОҚМПУ оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исабек Баршагүл Қашқынқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ "Жалпы тарих" кафедрасының аға оқытушылары, PhD докторанттар Таштанов Жаңабек Әлібекұлы, Пазилов Ержан Жарқымбайұлы қатысты.
Айта кетерлік жағдай: Шымкент жұмыс тобында барлығы 25 зерттеуші болса, оның 14-і М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары.24.11.2021ж. М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі жұмыс тобының құрамында қала Әкімі М.Әйтеновке 2021 жылы жасалған зерттеу жұмыстары бойынша есеп берді.
Шымкент қаласы бойынша жұмыс тобының жетекшісі, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің "Рухани жаңғыру және ҚХА" орталығының басшысы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Гүлнәр Әмірбайқызы Жанысбекова өз есебінде жұмыс тобының ұйымдастырылуы, басшылыққа алынатын құжаттар, зерттеушілер құрамы және олардың ғылыми потенциалы, ғылыми зерттеу жұмысының архивтік және экспедициялық түрлерінің жүргізілу барысы, жұмыс тобының Республикалық Мемлекеттік комиссиясының Сабыр Ахметжанұлы Рахымов басқаратын Жобалық Кеңсесі өткізген 9 бағыттық кустовой семинарларында жасаған баяндамалары туралы толық айтып өтті.
Есепті М.Әйтенов және Шымкент қаласы Мемлекеттік комиссиясы аса қанағаттанғандықпен жоғары баға берді. Келесі 2022 ж. жүргізілетін зерттеу жұмысы осы деңгейден де жоғары болуы керек екендігі айтылып өтіп, арнайы медиа-жоспар жасау, жинақтардың мемлекеттік комиссияның логотипін пайдалана отырып жасауы керек екендігі туралы Мемкомиссияның тапсырмалары ерекше ескертілді.
Есептік жиналысқа ардагер-ақын, Саяси қуғын-сүргін музейінің директоры қызметін сан жылдар бойында атқарған Ханбибі Есенқараева, М.Әуезов атындағы ОҚУ Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Сәкен Аралбайұлы Мәжінбеков, қалалық НұрОтан партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жанар Әлібекқызы Бектаева және басқа да комиссия мүшелері, сондай-ақ жұмыс тобының бағыт жетекшілері тарих ғылымдарының докторы, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібек, тарих ғылымдарының кандидаты, ОҚМПУ доценті Айтай Бахадыр, саяси қуғын-сүргін музейі директорының орынбасары Серікбаева Гүлмира Алдоңғарқызы, ОҚМПУ оқу ісі жөніндегі проректоры, тарих ғылымдарының кандидаты Исабек Баршагүл Қашқынқызы, М.Әуезов атындағы ОҚУ "Жалпы тарих" кафедрасының аға оқытушылары, PhD докторанттар Таштанов Жаңабек Әлібекұлы, Пазилов Ержан Жарқымбайұлы қатысты.
Айта кетерлік жағдай: Шымкент жұмыс тобында барлығы 25 зерттеуші болса, оның 14-і М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары. Жұмыс тобы 9 бағытта зерттеу жүргізсе, оның 5 бағытының жетекшісі және жұмыс тобының негізгі жетекшісі М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдарынан Мемлекеттік комиссияның Төрағасы Шыңғыс Мұқанның бұйрығымен бекітілді.
М.Әуезов атындағы ОҚУ ғалымдары соңына дейін Түркістан облыстық саяси тарих архиві ұжымымен бірлесе отырып, "Оңтүстік өлкедегі саяси қуғын-сүргін" атты деректер жинағын бастап әзірлеуде. Жинақ университеттің Ғылыми Кеңесі және ректор Д.П.Қожамжарованың қарауына ұсынылды.
Сонымен бірге, университет зерттеуші-ғалымдары зерттеу нәтижелері бойынша Егемен Қазақстан газетіне 6 мақала, қалалық Түркістан облыстық басылымдарына оннан аса мақала жариялап, қала халқы арасында зұлмат жылдар зардабы тарихын кең насихаттауды жолға қойды.

TEDx форматында колледж білім алушылары "Саналы ұрпақ-сыбайластыққа жол бермейді" атты тақырыбында іс шара.

2021жылдың 24 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Саналы ұрпақ"ерікті клуб мүшелері арасында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" және бүгінгі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа деген жағымсыз сезімін тәрбиелеу мақсатында "Саналы ұрпақ-сыбайластыққа жол бермейді" атты тақырыбында TEDx форматында колледж білім алушылары жобаларын қорғап, ойларын ортаға салды.Жетекші ұйымдастырушы Бейсенбаева Айгул.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған іс шара.

Биыл Тәуелсіздіктің тұғыры бекіп, елдігіміз нығайып, егемендігіміз еңселене түскен мерейлі мерекеміздің 30 жылдығын тойлап жатырмыз. Бұл уақыт тарих парағы үшін қас-қағым сәт саналғанымен, біз үшін үміт пен сенімнің, береке мен бірліктің, ынтымақ пен достықтың алтын белесі болып қала бермек. Қазақстанның 30 жылдық тәуелсіздік жолы тарихи тұрғыдан қарағанда аз ғана уақыт межесі болар, ал біздің мемлекет үшін тәжірибе мен сынақтың, тәуекел мен бірліктің, ерлік пен елдіктің дәуірі болып қала бермек. Алдағы уақытта кез келген сын-қатерге дайын болу үшін тынымсыз ізденіс пен рухани даму үстінде ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастырып, ұдайы алға қарай ұмтыла береміз. Бұл ретте Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2021 жылғы 23 қарашада «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысындағы сөйлеген сөзінде тәуелсіздік құндылығын сақтаудың нақты жеті тұғырын айқындап берген еді. Аталған Елдіктің жеті тұғыры жайлы М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің топ тәлімгерлері 24 қараша күні өздерінің топтық білім алушыларына тәлімгерлік сағаттарын өтті.

Елдіктің жеті тұғыры - Елбасы айқындаған болашаққа бастайтын жарқын мақсат! Тәуелсіздіктің тұғыры! НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.

Елдіктің жеті тұғыры - Елбасы айқындаған болашаққа бастайтын жарқын мақсат! Тәуелсіздіктің тұғыры! НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ.   

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы, ТҰн-19-1к тобының студенттері өндірістік іс-тәжірибеден өтуде.

2021 жылдың 11 қазан бастап М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Тамақтандыруды ұйымдастыру" мамандығы, ТҰн-19-1к тобының студенттері Шымкент қаласындағы "Мадлен", "Каусар", "Камшат", "Ладушки", "Salam bro" қоғамдық тамақтандыру орындарында өндірістік іс-тәжірибеден өтуде. Тәжірибе барысында білім алушылар теориялық білімдерін тәжірибе барысында қолданып, білімдерін шыңдау үстінде. Тәжірибе жетекшісі: Боранбай А.Ж.

Түркістан Облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында кәсіби шеберлігін шыңдау және кадрлардың сапасын арттыру.

2021 жылдың 18-қараша күні Түркістан Облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында кәсіби шеберлігін шыңдау және кадрлардың сапасын арттыру мақсатында, «Сән технологиясы» құзыреттілік орталығы, ТжКББ ұйымдарының арасында өтілген Жастар ресурстық ортағында «Tauelsizdik Art» дефиле сайысында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің «Дизайн» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары Сабденова А.О., Ахметова А.Б., алғашқы түлек студенттерінің дипломдық жобаларына жетекшілік жасаған, шығармашылық туындыларымен көрсетілімге қатысып, кәсіби шеберлік танытып, үздік өнер көрсеткені үшін ІІІ-орын иеленді. Көрсетілімнен алынған әсерлерімен бөлісіп, керемет серпіліс болғанын, алдағы уақытта осы мамандық бойынша білмалушылардың кәсіби деңгейлерін дамытуға, сән-тігін саласындағы жаңа шығармашылық туындыларды жасауға шабыт алғандарын ортаға салды.

Беттер