Жаңалықтар

Қазақ

Түркістан Облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында кәсіби шеберлігін шыңдау және кадрлардың сапасын арттыру.

2021 жылдың 18-қараша күні Түркістан Облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығының қарсаңында кәсіби шеберлігін шыңдау және кадрлардың сапасын арттыру мақсатында, «Сән технологиясы» құзыреттілік орталығы, ТжКББ ұйымдарының арасында өтілген Жастар ресурстық ортағында «Tauelsizdik Art» дефиле сайысында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің «Дизайн» және «Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу» мамандығы бойынша арнайы пән оқытушылары Сабденова А.О., Ахметова А.Б., алғашқы түлек студенттерінің дипломдық жобаларына жетекшілік жасаған, шығармашылық туындыларымен көрсетілімге қатысып, кәсіби шеберлік танытып, үздік өнер көрсеткені үшін ІІІ-орын иеленді. Көрсетілімнен алынған әсерлерімен бөлісіп, керемет серпіліс болғанын, алдағы уақытта осы мамандық бойынша білмалушылардың кәсіби деңгейлерін дамытуға, сән-тігін саласындағы жаңа шығармашылық туындыларды жасауға шабыт алғандарын ортаға салды.

Ақмола облысы Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді.

2021 ж. 08-13 қараша күндері Ақмола облысы Көкшетау қаласы Ақан сері атындағы жоғары мәдениет колледжінде «Флористика» құзыреттілігі бойынша «WorldSkills Kazakhstan-2021» Республикалық кәсіби шеберлік конкурсы өткізілді. Республикалық шеберлік конкурсына колледжіміздің арнайы пән оқытушысы Халмуратова Гаухар Куанышбаевна мен колледжіміздің түлегі Тажибаева Ұлданай қатысты.

Рухани жанғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Ел басының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында тақырыбында ЕАн-21-1к тобымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

2021 жылдың 17 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің Рухани жанғыру жетекшісі Досыбай Нұрлыбек Ел басының «Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру» аясында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған, Азаматтарды туған өлкенің дамуына, сонымен қатар әлеуметтік мәселелерді шешуге тарту тақырыбында ЕАн-21-1к тобымен дөңгелек стол ұйымдастырылды.

М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің №4 жатахана студенттері арасында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" және Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық теннис, тоғыз құмалақ, шахмат ойындары болып өтті.

2021 жылдың 15-16 қараша күні М. Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің №4 жатахана студенттері арасында "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына" және Салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында спорттық теннис, тоғыз құмалақ, шахмат ойындары болып өтті. Жеңімпаз студенттер анықталып, алғыс хатпен марапатталды.

KazDual

«ДАННЫЙ ПРОЕКТ ФИНАНСИРУЕТСЯ ПРИ ПОДДЕРЖКЕ ЕВРОПЕЙСКОЙ КОМИССИИ. СОДЕРЖАНИЕ ДАННОЙ ПУБЛИКАЦИИ/МАТЕРИАЛА ЯВЛЯЕТСЯ ПРЕДМЕТОМ ОТВЕТСТВЕННОСТИ АВТОРА И НЕ ОТРАЖАЕТ ТОЧКУ ЗРЕНИЯ ЕВРОПЕЙСКОЙ КОМИССИИ. КОМИССИЯ НЕ МОЖЕТ НЕСТИ ОТВЕТСТВЕННОСТЬ ЗА ИСПОЛЬЗОВАНИЕ ИНФОРМАЦИИ, КОТОРАЯ В НЕЙ СОДЕРЖИТСЯ»

ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті.

11.11.2021ж М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің "Саналы ұрпақ"ерікті клуб мүшелерімен өз мемлекетіне жауапкершілік пен қарау және әділдікке тәрбиелеу,патриоттық тәрбие қалыптастыру мақсатында ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай "Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз"тақырыбында ашық тәрбие сағаты өтті. Саналы ұрпақ, Парасаттылық мектебі жобасының жетекшісі Бейсенбаева А.

​Тәуелсіздіктің 30 - жылдығына арналған М.Әуезов атындағы ОҚУ - нің I-IV курс студенттері арасында өткен спартакиадасында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері жалпы командалық жарыста III орын алғаны үшін құттықтаймыз!

Тәуелсіздіктің 30 - жылдығына арналған М.Әуезов атындағы ОҚУ - нің I-IV курс студенттері арасында өткен спартакиадасында М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері жалпы командалық жарыста III орын алғаны үшін құттықтаймыз!

«Сән технологиясы» құзыреттілігінің 2021-2022 оқу жылы жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Сабденова Айгуль Оналбаевнаның «Сән бағытында қолданыстағы заманауи технологияларға шолу» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтілді.

«М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде 10.11.2021 ж. күні «Сән технологиясы» құзыреттілігінің 2021-2022 оқу жылы жоспарына сәйкес арнайы пән оқытушысы Сабденова Айгуль Оналбаевнаның «Сән бағытында қолданыстағы заманауи технологияларға шолу» тақырыбында ұйымдастырылған дөңгелек үстел өтілді.
Онлайн және офлайн платформасында өткен дөңгелек үстеліне облыстық ТжКББ ұйымдарының әдіскері Дүйсебаева Жанар, «Сән технологиясы» құзыреттілік орталығының жетекшісі, бас сарапшы Столяр Жанна Пернебаевна, ҚО енген ТжКББ ұйымдарының оқытушылары және кеш қонақтары болып «Оңтүстік былғары» ЖШС директоры, дизайнер Н.Ж.Миржибаева, «Алия» ательесінің директоры, дизайнер Н.Н.Ширшикбаева, ИП «Арт-лазер» директоры, дизайнер Олжабаева С.Т, М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары Садуақасова Г.Е., колледж әдіскері Қалдыбекова Г.Ж., «Текстиль және дизайн» ПЦК-сының арнайы пән оқытушылары қатысты.
Дөңгелек үстелдің өту барысында кеш қонақтары сән бағытындағы замануи,жиі қолданыстағы технологиялар жайлы және өздерінің шығармашылық, кәсіпкерлік жұмыс тәжірибелерімен бөлісті. ТжКББ ұйымының әдіскері және бас сарапшы тарапынан актуальді мәселелер бойынша өз сұрақтарына толыққанды жауап алып, бірқатар мәселелер шешіліп, ұйымдастырушыға алғыстарын білдіріп, ұсыныс пікірлер айтылды.

Спорт саласында біздің жетістіктер.

2021 жылдың 9 қарашасында Шымкент қаласының әуежайында М.Әуезов атындағы ОҚУ ұжымымен мен студенттері 2021 жылғы әлем чемпионатының жеңімпазы, университет мақтанышы Махмұд Сабырханды салтанатты түрде қарсы алды. Ол 2021 жылы Сербияның Белград қаласында өткен бокстан әлем чемпионатынын финалына қатысты. 54 келіге дейінгі салмақта Махмуд финалда жапондық Томоя Цубоймен жұдырықтасып, ұтылып қалды. Осылайша, Махмұд Сабырхан Қазақстан құрамасының сапында 2021 жылғы әлем чемпионатының алғашқы күміс жүлдегері атанды. Құттықтаймыз!

Беттер