Жаңалықтар

Қазақ

Ең бастысы-еліміздің тыныштығы.

Ең бастысы-еліміздің тыныштығы
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында «Қасіретті қаңтар сабағы» қоғам тұтастығы-тәуелсіздік кепілі тақырыбында сөйлеген сөзінде «Біз алғаш рет аса күрделі және қатерлі кезеңге тап болдық. Ел басына түскен осындай сынақты қайыспай біртұтас ел болып еңсере білдік. Енді біз мұндай жағдайға ешқандай жол бермеуіміз қажет. Осы сәтте ел тағдыры үшін ұйыса білген халқына шынайы ризашылығымды білдіремін! Бәріміз бұл оқиғадан сабақ алуымыз керек ең бастысы береке-бірлікті, тыныштықты,тұрақтылықты сақтауымыз қажет»-деп атап көрсетті. Енді, Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін Тәуелсіздік бәрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық!-деп Қазақстан халқына үндеу жариялады.
Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың басшылығымен лаңкестер мен жаппай тәртіпсіздіктерді жою, қылмыстық әрекеттерді айқындау, мелекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын сақтау жөніндегі пәрменді шаралар іске асырылды. Орын алған оқиғаларды зерттей келе жыл басынан бері орын алған жағдайлар – бір тізбектің тармақтары деуге толық негіз бар. «Анығын айтсақ, бұл бірнеше жыл бойы алдын-ала ойластырылған зұлымдықтың көрінісі. Олардың көздегені – өздерінің қатігез пиғылдарын іске асыру екендігі анық» - деді. Президентіміз сөйлеген сөзінде атап өтті.
СЕРКЕБАЕВ С.К. М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҚУ КОЛЛЕДЖІНІҢ ОҚЫТУШЫСЫ.

Главное - спокойствие нашей страны.

На фоне сложных для нашей страны событий, которые , по словам Президента, войдут в историю как «алматинская трагедия», слышались призывы сплотиться вокруг Президента К. К. Токаева. Наш Президент взял на себя всю полноту ответственности , возглавил Совбез, принял непопулярное, но единственно верное решение по обращению к руководителям стран ОДКБ. В настоящий момент уже понятно, что промедление могло привести к необратимым последствиям.
Митинги, начавшиеся в регионах, носили справедливый, мирный характер. Но ситуацией воспользовались специально подготовленные бандиты и боевики, религиозные радикалы, мародеры, что могло привести к потере государственности. Плановые операции по ликвидации и зачищению бандформирований прошли успешно. Страна восстанавливается, в краткие сроки жизнь вошла в свое русло. ОДКБ, завершая свою миротворческую миссию, осуществит вывод войск.
С большим воодушевлением народ Казахстана воспринял кадровые перестановки и планы Правительства, озвученные Президентом на заседании Мажилиса. Резкой критике подвержены деятельность силовых структур, госслужбы, БРК, эффективность деятельности "Самрук-Казына", нацкомпаний , вопросы утильсбора. Открыто заявлено о сильном имущественном расслоении в обществе, о финансово-олигархических группах и тотальной коррупции. Намечены приоритеты и задачи во всех направлениях развития страны. Это проблемы безработицы молодежи, доступ к качественному образованию, доступность госслужбы. Все намеченные действия направлены на обеспечение благополучия – главную задачу государства. Президент поручил создать общественный социальный фонд "Қазақстан халқына" для помощи простым гражданам, отчисления в который будут осуществлять монополисты и «очень богатые люди», приказал отслеживать необоснованный вывод средств из страны.
Общий настрой страны сплотиться вокруг Президента поддерживает и студенческая молодежь. Молодежь осознает, что именно таких перемен и реформ ждет весь народ, что сделаны правильные выводы, законные требования казахстанцев услышаны. И только так, и только вместе мы, народ Казахстана, построим Новый Казахстан!
Ниязова А.К., преподаватель колледжа ЮКУ имени М. Ауэзова. 

"Мен және менің отбасым" тақырыбында ашық тәрбие сағаты.

2021 жылдың 29 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ҚРн-19-1к тобының топ тәлімгері Бейсенбаева Айгулдің ұйымдастыруымен баланың жан-жақты өз елінің ,халқының қамын ойлайтын,ата-анасын,жора-жолдасын сыйлай білетін,азамат тәрбиелеумен қатар,ұлттық тәрбиені насихаттау мақсатында топ студенттерімен "Мен және менің отбасым" тақырыбында ашық тәрбие сағаты өткізілді.

Жұмысшы мамандығын алу.

13.12.21-07.01.22ж аралығында оқу практика “Жұмысшы мамандығын алу “
1401000-Ғимараттар мен құрылымдарды салу және пайдалану технологиясы мамандығы бойынша “Құрылыс материалдары мен конструкцияларды сынау” зертханасында өтіліп жатыр. Топ ҒСн-19-1 к жетекші Ерболат А.Ә

"Бейнелеу өнері" мұражайымен танысу.

2021 жылдың 23 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі 0402000-"Дизайн" мамандығы ДЗн-20-1к тобының білім алушылары Ахметова Алия Бақытжанқызының жетекшілігімен өткізіліп жатқан "Мұражай іс тәжірибесі" барысында Шымкент қаласындағы облыстық "Бейнелеу өнері" мұражайымен танысты. Білім алушылар жетекші тарапынан берілген бағыт бойынша: Әр түрлі бағыт пен стильдегі, жанрдағы өнер туындыларымен танысу; Презентация үшін жұмыс іріктеу; Нақты бір суретшінің немесе экспонаттың анализін жасау үшін зерттеу жұмыстарын жүргізуді бастады. Бұл ізденіс жұмыстары білім алушылардың дизайн саласымен тікелей байланысты бейнелеу өнері бағыты мен осы саланы дамытуға үлес қосып жатқан Отандық қылқалам шеберлерінің творчествосы, бейнелеу стилі мен ұстанған бағыттары жайында кеңінен мағлұмат алып, қазіргі бейнелеу өнері саласы туралы білімдері мен ой-өрістерін кеңейтіп өз мамандықтарына деген қызығушылықтарының артуына әсер етері сөзсіз.

"Жемқорлықсыз ел,гүлденген ел" тақырыбында студенттер арасында " Cурет Battle"

2021 жылдың 22 желтоқсан күні "Парасаттылық мектебі"және "Sanaly urpaq" клубының жетекшісі Бейсенбаева Айгулдің ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру,жас ұрпақтың бойында әділдік пен адалдықты жақтайтын,жемқорлыққа қарсы қасиет қалыптастыру мақсатында "Жемқорлықсыз ел,гүлденген ел" тақырыбында студенттер арасында " Cурет Battle" өткізілді.Студенттер белсенді қатысып өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсете алды.Үздік сурет иесі сыйлықтармен марапатталды.

«ПАРАСАТ ЖОЛЫ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ

2021 жылдың 22 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде "Parasat"- сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі мен Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің ұйымдастыруымен «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» жобасы аясында кездесу өтті. Кездесу барысында қалалық ақпараттық-ағартушылық штаб мүшелері Г.Дулатова мен Ә.Исабек «Sanaly urpaq» клубының мүшелерімен «Толық адам» - саналы ұрпақтың айнымас бағдары» тақырыбында сұхбат жүргізді.
 

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығынамен арнайы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібекті еліміздің даму жолындағы ерең еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттады!

Еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығынамен арнайы Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің директоры Сейдехан Нұрмаханұлы Әлібекті еліміздің даму жолындағы ерең еңбектері үшін Алғыс хатпен марапаттады!

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті.

2021 жылдың 14 желтоқсан күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған салтанатты іс шара өтті. М.Әуезов атындағы ОҚУ колледж директоры С.Н. Әлібек барлық қызметкерлерді, білім алушыларды мерекемен құттықтап, еліміздің 30 жылдағы жетістіктеріне тоқталды. Құттықтау соңында колледж оқтушыларымен бірқатар белсенді білім алушыларды Алғыс хаттармен марапаттады. Соңы мерекелік концертке ұласып, көрермендер керемет қойылым тамашалады.

Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясының филиалында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының іс-шараса өтті.

2021 жылы 13 желтоқсанда Шымкент қалалық «Nur Otan» партиясы филиалында Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойының қарсаңында партия белсенділерін «Халық алғысы» медалі және «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының №017pq қаулысы бойынша «Белсенді қызметі үшін» төс белгісі мен Партия Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбектің «Құрмет Грамотасы» марапатын табыстау салтанатты іс-шараса өтті.
Салтанатты шараны «Nur Otan» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлы ашып берді. Партияның «Белсенді қызметі үшін» төс белгісімен қалалық мәслихат депутаты, фракция мүшесі, партиялық бақылау комиссиясының төрайымы, М.Әуезов атындағы ОҚУ Басқарма төрағасы-ректор, академик Қожамжарова Дария Пернешқызы марапатталды.

Беттер