Activities calendar

02 December 2021

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылығына орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-ті Шығармашылық кәсіптер орталығының ұйымдастыруымен "Жас талант 2021" өнер байқауына М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды!

2021 жылдың 26 қараша күні Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылығына орай М.Әуезов атындағы ОҚУ-ті Шығармашылық кәсіптер орталығының ұйымдастыруымен "Жас талант 2021" өнер байқауына М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің студенттері қатысып, жүлделі орындарға ие болды!

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі "Тәуелсіздіктің 30-жылдығына", 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай концерт ұйымдастырылып, "Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан" атты шығармашылық көрме болып өтті.

2021 жылдың 29 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжі "Тәуелсіздіктің 30-жылдығына", 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай концерт ұйымдастырылып, "Менің елім-Тәуелсіз Қазақстан" атты шығармашылық көрме болып өтті. Шығармашылық көрмеге 0402000-"Дизайн" мамандығы және 1214000-"Трикотаж, тоқыма, галантерия бұйымдары технологиясы" мамандығында оқитын студентер белсене қатысып, колледж белсенді жастарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Zoom платформасы Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" саласы бойынша "Сән технологиясы құзіреттілік орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес "Шебердің қолы ортақ" тақырыбында семинар болып өтті.

2021 жылдың 26 қараша күні М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінде Online режимінде, zoom платформасы арқылы Түркістан облысының ТжКБ ұйымдары арасында "Тігін өндірісі және киімдерді үлгілеу" саласы бойынша "Сән технологиясы құзіреттілік орталығының 2021-2022 оқу жылының жоспарына сәйкес "Шебердің қолы ортақ" тақырыбында семинар болып өтті. Семинар бағдарламасы бойынша арнайы пән оқытушылары А.Б.Ахметова, А.О.Сабденова, М.Н.Нурғалиева өздерінің шеберлік сыныптарын өткізді. Алғаш болып шебер сыныбын өткізген А.Б.Ахметова "Сәнді бұйымдарды оңай жолмен дайындау әдістері" тақырыбындағы шеберлік сыныбы барысында киімдердің лекалосыз оңай жолмен пішіліп тігілуінің тиімді әдістерін іс-тәжібибеде ұтымды көрсете білді. Екінші болып шеберлік сыныбын жалғастырған А.О. Сабденова хроматикалық түстерді пайдалана отырып, сурет салудың түрлі техникаларын қолдану арқылы: губканы, жапырақтарды, бояуларды көпіршіту арқылы қызықты абстактілі композициялар орындау әдістерін көрсетті. Ары қарай семинарды "Қазақша бренд қалыптастыру" тақырыбындағы шебер сыныбымен жалғастырған М.Н.Нурғалиева қазіргі заман талабына сай кең балақты шалбардың оймакілтегіне қазақи нақышта ою-өрнек орналастыру әдістерін көрсетті.
Семинар құзіреттілік мамандары тарапынан өте жоғары бағаланып, куратор Ж.Ж.Дүйсебаева оқытушылардың үлкен дайындықпен және жоғары деңгейде өткендігін атап өтті.

М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізілді.

2021 жылдың 26 қарашада М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің ұжымымен қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы нөлдік төзімділікті қалыптастыру мақсатында "Шымкент-адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдерімен кездесу өткізілді. Кездесуде Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі, осы дертпен күрестің тиімді тетігі қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, парасаттылық, ашықтық қағидаттарын енгізу қажеттігі жөнінде сөз қозғады.