Activities calendar

11 October 2021

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 124-ші туылған күніне арналған іс-шара

2021 жылдың 28-ші қыркүйек күні қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Сталиндік, Лениндік сыйлықтардың лауреаты, Абайды әлемге танытқан, филология ғылымдарының докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің туғанына 124 жыл толуына орай қарымды қаламгердің есімін иеленген М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде жазушының ескерткішіне гүл шоғы қойылды.

Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 124-ші туылған күніне арналған іс-шара.

Бүгін қазақтың заңғар жазушысы, қоғам қайраткері, ғұлама ғалым, Сталиндік, Лениндік сыйлықтардың лаураты, Абайды әлемге танытқан, филология ғылымның докторы, профессор Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың 124-ші туылған күніне орай колледж белсенді жастары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, офлайн режимде дөңгелек стол өтілді.Дөңгелек столдың барысында ақынның шығармашылығынан және жеке өмірінен колледж жастары өздерінің пікірлерімен бөлісті.

Спорт саласында біздің жетістіктер

14-17 қыркүйек аралығында Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында 2005-2007 жылғы жасөспірімдер арасында өткен Самбодан Қазақстан Республикасы ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 30 жыл толуына арналған
республикалық чемпионатта
58 кг салмақ дәрежесінде М.Әуезов атындағы ОҚУ колледжінің 1305000-«Ақпараттық жүйелер» мамандығының АЖн-20-1к тобының 2 курс білім алушысы Кемелхан Қайырхан Абылайханұлы жүлделі ІІ орынды иеленді.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев келді. Қуаныш Асылханұлы жұмыс сапары барысында оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.

9.09.21ж М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне арнайы жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Асылханұлы Ерғалиев келді.
Қуаныш Асылханұлы жұмыс сапары барысында оқу орнының тыныс-тіршілігімен танысты.
Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығында болып, қазіргі таңдағы академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқуға кеткен студенттер жөнінде және алдағы уақытта шет елге жіберілетін студенттер туралы ақпаратпен, сондай-ақ Toefl орталығының қызметімен танысты.
«Parasat» - сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметі басшысы Г.Дулатова университеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі бағыттарымен, кері байланыс арнасы «Сенім телефонына» түсетін шағымдар, Әдеп бойынша кеңес жұмысымен таныстырды. Қуаныш Асылханұлы қанша шағым түскені туралы және ол бойынша қандай іс шаралар атқарылғанын анықтады.
«Мұхтартану» ғылыми-зерттеу орталығының жұмысымен танысып, орталық қызметкерлерімен сұқбаттасты. «Мұхтартану» орталығында дайындалған, Абайдың «Китаб тасдиқ» шығармасы еңбегімен танысып, Абай ұрпақтарының есімдері жазылған мемориалдық тақтаның ғылыми құндылығына баса мән берді. Орталықтың ғылыми прогресстерімен танысқан вице-министр ғалымдарға алғысын білдірді.
Тіркеу кеңсесінде оқу процесінің толық цифрандырылу жұмысымен танысқан вице министр, Platonus-тан Ұлттық білім беру деректер базасына (ҰБДҚ) деректердің көшірілуі; 2021-2022 оқу жылындағы студенттердің "ауысуы және қайта қабылдау" рәсімін ұйымдастыру; Оқу процесін ұйымдастыру кезінде білім алушының пәндердің оқу-әдістемелік кешеніне электрондық қол жетімділігі және профессорлық-оқытушы құрамымен виртуалды байланыс орнатумен танысып, қойған сұрақтарына толық жауап алды.
Жұмыс сапары соңында Қуаныш Асылханұлы оқу орнының №5 студенттік жатақханасына барды. Студенттік жатақхананың тұрмыс тіршілігімен танысып, студенттермен және шетелдік студенттермен кездесіп пікір алмасты. Студенттік жатақхана бөлмелерін аралап, медициналық пунктін, кітапхана, компьютер класын, ас дайындайтын орындарын аралап көріп шықты. Университеттің студенттік жатақханасын аралаған вице министр Қуаныш Асылханұлы оң бағасын берді.

М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің №4 студенттік жатақханасында ішкі және сыртқы тәртібімен таныстыру.

9.09.2021ж М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің №4 студенттік жатақханасында ішкі және сыртқы тәртібімен таныстыру мақсатында Әлеуметтік және тәрбие жұмысы жөніндегі проректор С.А.Мажинбеков, Тәрбие ісі және жастар саясаты департаментінің мамандары және Сәулет және құрылыс факультетінің деканы Қ.Иманалиев, колледж директоры С.Н.Әлібек, «Parasat» сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс -қызметі басшысының м.а Г.Дулатова санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып жатақхана студенттерімен кездесті.